Тұрғындардың 300 миллион теңгесін алдап алған алматылық ұсталды
Тұрғындардың 300 миллион теңгесін алдап алған алматылық ұсталды
© polisia.kz
242
оқылды
28 жастағы алматылық тұрғындарды 300 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шілденің өзінде полицияға 20-дан астам адам алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, П. есімді ер адам кепілге қойылған автокөліктерді қымбаттатылған бағамен сатамын деген. Жәбірленушілердің сеніміне ие болып, олардың көліктерін алып, оны дереу үшінші тұлғаларға арзан бағамен қайта сатқан. “Тізбек” осылай жасалған. Бірнеше көлікті сатып жіберген қаскөй адамдардың сеніміне кірген және олар оған ақша беріп, таныстарына “жұмыс істейтін” жігітті ұсынған. Ақшаны алғаннан кейін бастамашыл жігіт белгісіз бағытта жасырынған. Ал түскен қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланды.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы азамат ұсталды. Қазір қызметкерлер алаяқтықтың 20 фактісін дәлелдеді. Келтірілген шығын – 300 миллион теңгеден астам. Осы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 190-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үш көлік заттай дәлел ретінде заңды иелеріне қайтарылды. Тағы бірнеше көлік тәркіленіп, заттай айғақ ретінде айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.
Жоғарыда аталған алаяқтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алатау ауданының полиция бөліміне мына телефондар арқылы хабарласа алады: 393-40-73, 393-40-69 немесе 102.