Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, — деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдық институттардың өңірлерде жүзеге асырған іс-шараларының қорытындысы жайында баяндалды.Президент ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады