Көлік ұрлаған павлодарлық апатқа ұшырағаннан кейін жаралы жолаушыны қалдырып кеткен
Көлік ұрлаған павлодарлық апатқа ұшырағаннан кейін жаралы жолаушыны қалдырып кеткен
179
оқылды
Павлодар қаласының тұрғыны көлікті ұрлап әкетіп, апатқа ұшырап, жарақат алған жолаушыны салонда қалдырып, қашып кеткен. Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлады және жол апатын жасады деген күдікпен Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды.
"28 шілде сағат 3:00-де Павлодар қаласы Павлов көшесіндегі үйдің маңынан күдікті Mercedes 280 автокөлігін айдап әкеткені анықталды. Жібек Жолы - Циолковский көшелерінің қиылысында тізгінге ие бола алмай, бетон бағаналарға соғылып, аударылған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Полицияның мәліметінше, күдікті темір жол өткеліне жақындағанда апатқа ұшыраған. Жол апатынан кейін ер адам жараланған 35 жастағы жолаушыны көлік ішінде қалдырып, қашып кеткен. Полиция жәбірленуші күдіктінің танысы екенін анықтады. Жарақат алған әйел ауруханаға түсті.
"Ұрлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы және 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.