Басты мәселе – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Басты мәселе – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
252
оқылды

ZOOM платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің  отырысы өтті.

Жиынды аталған кеңестің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев жүргізді. Күн тәртібінде әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының аудан көлемінде сыбайлас жем­қорлықты болдырмау және алдын алу мақ­сатында атқарып жатқан жұ­мыс­тары мен «Nur Otan» партиясы әл-Фараби аудандық филиалы жа­нындағы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылдың бірінші жартыжыл­дығында атқар­ған жұмысының есебі туралы екі мәселе қаралды. Отырысқа партияның аудан­дық және қалалық филиалдар жа­нындағы Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл жөніндегі қо­ғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төра­ғасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, «Nur Otan» пар­тиясының қалалық мәслихаттағы фракциясының жетекшісі әрі тө­рағаның орынбасары Бекайдар Төлегенов, «Nur Otan» партиясы әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Рашид Мыңбаев қа­тысты. Отырыс қорытындысы бойын­ша арнайы қаулы қабылданып, хаттама түзілді. Қаулыға отырыста көтерілген ұсыныстар енгізілді. Ұсы­ныстардың мерзімінде орын­далуын бақылау үшін аталған қаулы әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевқа жолданатын болады.

Әбілмансұр ЖАСАН