Анталияда орман өртін сөндіре алмай жатыр
Анталияда орман өртін сөндіре алмай жатыр
Фото: 39rus.org
423
оқылды

Өртті сөндіруге жүздеген маман, тікұшақ пен ұшақтар жұмылдырылған.

Орман және ауыл шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің мәлімдеуінше, осы аптада елдің оңтүстік бөлігінде 30-дан астам өрт ошағы тіркелген. Қазірге дейін Анталия аймағындағы 18 және оған көрші Адана мен Мерсин провинциясында 16 ауылдың халқы қауіпсіз жерге көшірілген. Манавгат қаласы ауруханасындағы науқастар да басқа орынға ауыстырылды. Өрт сәрсенбі күні Түркияның курорттық Анталия провинциясында басталды. Жалын Манавгат қаласына жетті. Табиғат апатынан 4 адам қаза тапты. 200-ге жуық аса тұрғын жарақат алды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Біз бұған дейін Анталиядағы өрттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін жазған болатынбыз.