Адам саудасы: құлдыққа көбінесе кімдер түседі?
Адам саудасы: құлдыққа көбінесе кімдер түседі?
Фото: zanmedia.kz

Жәбірленушілердің басым бөлігі - ер адамдар. Бұл туралы Дағдарыс орталықтары одағы мәлімдеді, – деп хабарлайды AstanaTV.

Күдікті шақыртулар көп жағдайда Қытай, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен түседі екен. Сарапшылардың айтуынша, әлемде екі жарым миллионға жуық адам - қазіргі заманғы құл алып-сатушылардың қолында. Жыл сайын мыңдаған ер-азамат, әйел мен балалар өз елі мен шетелдегі адам саудалаушылардың қолына түседі. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында, 30 шілде – бүкіләлемде адам саудасына қарсы күн болып бекітілді. Қазақстанда 116 16 сенім телефоны жұмыс істейді.

«Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының директоры Шахноза Хасанова: «Қазір республикалық жобаны іске асыру мақсатында біздегі 11 қалада Үкіметтік емес ұйымдардың серіктестері жұмыс істейді. Олар адам саудасының құрбаны болғандарға көмектеседі. Статистикаға сүйенсек, 2019-2020 жылдар аралығында 258 адам - адам саудасының құрбаны болған. Оның 80 пайызы – ер-азаматтар. Демек, адам саудасының құрбаны болатындардың дені ер адамдар болып отыр», – деді.