Жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Фото: polisia.kz
127
оқылды

Петропавл қаласының маңында жедел жәрдем көлігі аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға кеше сағат 14.00 шамасында «Жезқазған – Петропавл» автожолының 949 шақырымында (аудан орталығы Бескөлдің Калинин көшесімен қиылысында) болған. Бескөл ауылының 27 жастағы тұрғыны басқарған Chrysler автокөлігі мен облыстық ауруханаға Шал ақын ауданына науқасты апара бара жатқан Сергеевка қаласының 55 жастағы тұрғыны басқарған ГАЗель маркалы жедел жәрдем көлігі соғылған. Жедел жәрдем көлігі аударылып қалған. Жедел жәрдемдегі науқас басқа арнайы көлікпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.