Нан-тоқаш, макарон өнімдері мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру көлемі биыл І жартыжылдықта 111 миллиард теңге болды.
Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 11,8% аз.
Нан бағасы бір жыл ішінде бірден 5,9%-ке өсті. Қара бидай наны 9,2%-ке қымбаттады.
Макарон өнімдерінің бағасы 10,3%-ке көтерілді. Оның ішінде, кеспе өнімдерінің бағасы 11,6%-ке өсті. Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 8,2%-ке қымбаттады.
Бұған дейін ет бағасы қымбаттағаны туралы жазған болатынбыз.