Биыл Қазақстаннан қай елге көп ақша аударылды?
Биыл Қазақстаннан қай елге көп ақша аударылды?
©А.Ахметқазы
187
оқылды

Биыл қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан шетелге 452 млрд. теңге аударылған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 43,6%-ға артық. 2020 жылдың бастапқы алты айында Қазақстаннан 314,6 млрд. теңге аударылған. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді.

Қаражаттың көп бөлігі Өзбекстанға – 114 млрд. теңге, Түркияға – 96 млрд. теңгеден астам және Ресейге – 93,3 млрд. теңге жіберілді. Сондай-ақ қомақты қаражат көлемі Қырғызстанға – 76 млрд. теңге, Қытайға – 15,4 млрд. теңге және Арменияға - 13 млрд. теңгеден астам қаражат аударылды. Биыл Қазақстаннан жіберілген қаражат көлемі бойынша өсім барлық елде байқалды. [caption id="attachment_153772" align="aligncenter" width="585"]қаржы, ақша аударым Инфографика: Жұмабек Айқынұлы[/caption]