Павлодардағы қылмыс: әйел үш баласын өлтіріп, өзіне-өзі қол салған ба?
Павлодардағы қылмыс: әйел үш баласын өлтіріп, өзіне-өзі қол салған ба?
Фото: mail.kz
261
оқылды

Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті хабарлады.

«Балаларды қатыгездікпен өлтірген өз-өзіне қол жұмсаған анасы екені дәлелденді. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты кішкентай балалардың анасы жасағанын анықтады», – деді полицей.

Биыл 9 маусымда ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 11-тармағы негізінде қылмыстық іс тоқтатылған.

2020 жылдың қараша айында Павлодарда үйіне оралған ер адам бүкіл отбасын өлі күйінде көрген. Оқиға орнына келген полиция Айманов көшесі, 2-үйден төрт мәйітті тапты. Полицейлер әйел мен оның 2013, 2015 және 2017 жылы туған үш баласының денесін тапты.