Қазақстанда қысқамерзімді депозиттер мөлшерлемесі өсті
Қазақстанда қысқамерзімді депозиттер мөлшерлемесі өсті
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
257
оқылды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгеде сақталатын депозиттер бойынша 2021 жылдың қыркүйегіне арналған ең жоғары мөлшерлемені бекітті. Бұл туралы ҚДКБҚ сайтында жарияланды.
«Банктердің нарықтағы мөлшерлемесінің орташа деңгейі төмендегеніне байланысты мерзімсіз салымдар бойынша максимал мөлшерлеме алдыңғы деңгейде сақталынып қалды. Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максимал мөлшерлеме 0,3-ке көтерілді. Бұл депозиттердің осы түріне банктердің нарықтық мөлшерлемесі бойынша ықтимал жауабына сәйкес келеді», - делінген хабарламада.
 width= Сонымен қатар, қысқамерзімді депозиттер бойынша (3, 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлеменің жоғарылауы тұрақты қаржыландырудың өсуіне түрткі болады және ашылған депозиттерді қайта рәсімдеу мүмкіндігінің болуына байланысты несиелендіруге ықпал етеді. Нарыққа тәуелді ұзақ мерзімді депозиттер бойынша (12, 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлеме өзгеріссіз қалды.