Нұр-Сұлтанда демалыс күндері автобустар қатынамайды
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері автобустар қатынамайды
© 24.kz
233
оқылды
City Transportation Systems көлік компаниясы демалыс күндеріндегі автобус қозғалысына қатысты мәлімет жариялады. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Сенбі және жексенбі, 31 шілде және 1 тамыз күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. «Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды» деп ескертеді көлік компаниясы. Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.