"Кім бас тартты?": Жеңілмеген қазақстандық нокаутшы жанкүйерлерді мазалаған сұраққа жауап берді
"Кім бас тартты?": Жеңілмеген қазақстандық нокаутшы жанкүйерлерді мазалаған сұраққа жауап берді
Фото: stan.kz
107
оқылды
Мансабында бүгінге дейін бірде-бір мәрте жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Тайрон Маккенимен болуы тиіс кездесуі жайлы айтты.
«Әлеуметтік желідегі менің 6 тамыз күнгі Тайрон Маккенимен болу керек болған кездесуім” жайлы өзім айта кетейін. Кәсіпқой бокстың ұйымдастыруына сай кездесуден бұрын бізге бокс кешін ұйымдастырушы промоушен келісімшарт жіберу керек. Біз келісімшартты күттік, бірақ олар бізге ешқандай келісімшарт жіберген жоқ. Келісімшарт бізге келмесе, біз ол жайында білмесек, қандай бокс кездесуі жайлы айтуға болады? Бізді кездесуден бас тартты деген сөздер бос сөздер, әрдайым кез-келген қарсыласқа дайын екенімізді айтқым келеді», – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.