Шағынаудандағы түйткілді мәселелер қаралды
Шағынаудандағы түйткілді мәселелер қаралды
256
оқылды

«Nur Otan» партиясының Пав­лодар облыстық филиа­лында Екінші Павлодар ша­ғынауданының проблемалық мә­селелерін шешу бойынша же­дел штабтың төртінші оты­рысы өтті.

Штаб отырысына Павлодар қа­ласының әкімі Асайын Байханов, «Nur Otan» партиясы­ның Павлодар облыстық филиа­лының ҚКП мүшелері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутат­тары, сарапшылар, шағынаудан­ның тұрғындары және «Алвис» ЖШС мердігерлік ұйымының өкіл­дері қатысты. Екінші Павлодар шағынауда­нындағы мәселелер туралы Пав­лодар қаласының әкімі Асайын Байханов айтып берді. Қала бас­шысының айтуынша, осы аптада Павлодар қаласы әкімінің орын­басары Хасар Хабылбеков ТКШ бөлімімен, мердігерлермен және «Коммун-Сервис» бөлімімен бірлесіп, Геринг көшесіндегі кәріз коллекторының учаскесіне барды. Тексеру барысында осы учаскеде судың көтерілуі байқалды. Жағ­дайды түсіну үшін учаскеде қазу жұмыстарын жүргізу керегін айт­ты. Қазу жұмыстарынан кейін проб­­лемалық аймақтағы құбыр­ларды жөндеу немесе ауыстыру қажеті туралы түсінік пайда бо­лады. – Процесс жүріп жатыр және жұмыс бір күнге де тоқтаған жоқ. Әкімдік кәріз желілерін тексеруге арналған арнайы жабдықтары бар ірі компанияларды тартпақ. Екін­ші Павлодардың жағдайы менің жеке бақылауымда болады, – деді Асайын Байханов. Отырыс барысында қала әкімі «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы облыстық штабты партияның қалалық филиалына ауыстыруды ұсынды. Асайын Байханов облыс­тық штабқа және штаб жетекшісі Илья Теренченкоға атқарған жұ­мыстары үшін алғысын білдіріп, мәселені қалалық деңгейде шешу­ге дайын екенін жеткізді. Өз ке­зе­гінде Илья Теренченко «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы қалалық штабқа шағынауданның барлық мәселесін тез арада шешуді сұрады және облыстық деңгейде Екінші Павлодар бойынша мәсе­лелерді шешуге қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Әбілмансұр ЖАСАН