Француз боксшысы Мурад Алиев Олимпиада ойындарының ширек финалында төрешілер шешімімен келіспейтінін білдіріп, 30 минут бойы рингтен кетпей қойған.
Жексенбі күні Алиев екінші раундта басымен қауіпті қимылдар жасағаны үшін дисквалификацияланды. Осылайша, ол 91 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жекте британдық Фрейзер Кларктен жеңіліп қалды. Француз боксшысы бұл шешіммен келіспей, 30 минут бойы ринг бұрышында отырған.
Кейін ұйымдастырушылар Алиевті спортшылардың киім ауыстыратын бөлмесіне апарады. Бірақ, Алиев бәрібір рингке оралып, бір сағат бойы сонда отырған.
"Мен бұл жарысқа төрт жыл дайындалдым, ал нәтижесі мынау. Көңілім қалды. Мен судьялардың бұл шешімімен келіспеймін. Бұл ісім арқылы үкіммен келіспейтінімді білдіргім келді. Ал мінбер жанындағы бөлмеде олар маған нәтижені қайта қарау мүмкін емес екенін айтты. Онда ештеңе болған жоқ. Мені бірден жарыстан шығарып жіберді... Бұл қынжылтады және мен шешіммен келіспеймін", - деді Әлиев журналистерге.