The Ring журналисі Райан Сонгалия Токио Олимпиадасында филиппиндік боксшы Эумир Марсьяльдің жеңісінен кейін пікір білдірді. Бұл туралы Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ширек финалда Марсьял Армения боксшысы Арман Дарчинянды нокаутқа жіберді. Журналист бірнеше жыл бұрын онымен сұхбаттасқанын есіне алып, жазба қалдырды.
"2017 жылы ол маған Геннадий Головкинмен күресуді армандайтынын айтты. "Мен оны ұрып тастаймын!" – деді сол кезде 21 жастағы жігіт. Токиодағы Олимпиаданың жартылай финалында орта салмақтағы Марсьяль украиндық Александр Хижнякпен кездеседі", – деп жазды Сонгалия Твиттерде.