Бір жасар бала ыдыстағы 10 литр суға батып кетті
Бір жасар бала ыдыстағы 10 литр суға батып кетті
Фото: yandex.kz
174
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, оқиға Павлодар облысында болған.

1 тамыз күні сағат 18:00-де Ақсу ауылдық округінде ата-анасының қарауынсыз қалған бір жасар бала 10 литрлік су құйылған ыдысқа түсіп кетіп, тұншығып қайтыс болған. Тергеушілер оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындады. Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң белгілі болады.

Бұған дейін дәретхана шұңқырына түсіп кеткен балалар туралы жазған болатынбыз.