Тойдан тікелей эфир жүргізгендер полицияға ұсталып қалды
Тойдан тікелей эфир жүргізгендер полицияға ұсталып қалды
Фото: ПД-нен алынды
160
оқылды

Полиция тойдан тікелей эфир жүргізген адамдарды карантин талабын бұзғаны үшін жауапқа тартты.

Полиция департаментінің мәліметінше, тойдың өтіп жатқаны әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталған. Кеше Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан «Какие люди» ресто-бары карантин режимін бұзғаны анықталды. Мониторинг тобы келген кезде ақпарат расталды.

«Мекеме бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, жұмыс істеуге тыйым салынғанына қарамастан, жұмыс істеген. Ресто-бардың ішіндегі келушілер көңіл көтеріп, караокемен ән айтқан, санитарлық нормаларды бұзған. Сондай-ақ әлеуметтік желіге шығып, тікелей эфир жүргізген. Үстелдерді қонақтар үшін  әзірленген», – дейді тексерушілер.

Бүгін Қазақстанда 7 жарым мыңнан аса адамнан коронавирус анықталып, 102 адам қайтыс болды.