Атыраулық полицейлер жалған вакцина паспорты үшін 100 мың теңге алып келген медбикелерді ұстады
Атыраулық полицейлер жалған вакцина паспорты үшін 100 мың теңге алып келген медбикелерді ұстады
© nege.kz
Атырауда қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін 1989 ж.т., және 1993 ж.т., азаматтар вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты енгізгізіп келген. Олар вакцинаның әр кезеңі үшін 50 мың теңгені, яғни екі кезеңі үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аударып алып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға еркін келіп, вакцина алмай-ақ вакцина паспортын алып жүрген. Атырау облысы полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жедел іс-шара жүргізу барысында медбикелердің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгенін, екінші медбике құйтырқы әрекетке барып, вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағанын анықтады. Қазіргі таңда, аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағаны анықталуда. Айта кетейік, 31 шілде күні атыраулық полицейлер жалған вакцина паспортын дайындағаны үшін тұрғындардан 10 мың теңге ақша алып келген 1981 ж.т., медициналық қызметкерді ұстаған болатын. https://www.youtube.com/watch?v=H0rLFXWpY0M