Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады
Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
209
оқылды
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың күнделікті тіркеуі 1500 жағдайдан асты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. Оның айтуынша, шілдеде инфекция жұқтырғандар саны 25 500-ден асқан, жыл басынан бері Алматыда 81 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Соңғы төрт күнде 6 266 жұқтыру жағдайы тіркелді. Алматы эпидемиологтары тамыз айында КВИ инфекциясының 34,5 мың жағдайын, қыркүйекте – 4,5 мың жағдайға дейін төмендеуін болжап отыр.
«Бір апта ішінде Алматыда КВИ ауруын тіркеу 1,5 есеге өсті, 6 397-ден 9 852 жағдайға дейін тіркелді, күнделікті өсім 1,7% құрады. Өткен аптаға қарағанда симптомды науқастар үлесінің артуы 90%-дан 92%-ға өсті», - деді Әсел Қалықова.
СЭБД басшысы орынбасарының айтуынша, жұқтырғандар санының өсуін тоқтату үшін қалада вакциналауды арттыру қажет.
«Бүгін біз жастар арасында дерттің асқынғанын және аурудың ауыр түрін тіркеудеміз. Бұл вирустың жаңа, жұқпалы штамдарына байланысты. Инфекция тез таралады және жиі ауыр асқынуларға әкеледі. Оның таралуын тоқтатудың, тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцинация», - дейді Қалықова.
Еске салсақ, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталығында 167 екпе пункті бар. 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмылдырылған.