Президент Никол Пашинянды Армения Премьері лауазымына тағайындалуымен құттықтады
Президент Никол Пашинянды Армения Премьері лауазымына тағайындалуымен құттықтады
190
оқылды

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
– Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Арменияның Премьер-Министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.