Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 10-шы жарыс күнінен кейін Қазақстан қоржынында бұрынғыша үш «қола» ғана бар. Жүлдегерлер – дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер - Игорь Сон және Зулфия Чиншанло.
Осы уақытта Қазақстан медаль сандары бойынша 71-орында тұр. Бірінші орында – Қытай (алтын – 29, күміс – 17, қола -16). Одан кейін АҚШ (22-25-17) және Жапония (17-6-10) келеді.
Медаль алған ТМД елдері арасында үздік көрсеткіш Ресейде – 5-орын (12-21-17). Беларусь пен Өзбекстан — 47 (1-0-1), Украина – 60 (0-1-5), Түрікменстан – 67 (0-1-0), Қазақстан – 71 (0-0-3), Әзербайжан – 73 (0-0-2), Армения – 75-ші (0-0-1) сатыда келеді.
Қырғызстан, Молдова және Тәжікстанда әзірге медальдар жоқ.
2 тамыздағы жағдай бойынша Олимпиада-2020-да ТОП-10 еніп отырған мемлекеттер:
1. Қытай — 29-17-16
2. АҚШ — 22-25-17
3. Жапония — 17-6-10
4. Австралия — 14-4-15
5. Ресей — 12-21-17
6. Ұлыбритания — 11-12-12
7. Франция — 6-10-7
8. Германия — 6-6-11
9. Оңтүстік Корея — 6-4-9
10. Нидерланды — 5-7-6