Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметтеріне қарағанда, соңғы бір жарым жылда өңірдегі жолдарда 200-ден астам адам көз жұмған. Ал жараланғандар саны 800-ден асады.
Прокуратура жол апаттарының негізгі себебі жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін саналы түрде елемеуі екенін алға тартады. Өліммен аяқталған әрбір екінші жол апаты жылдамдықтың артуына байланысты болған. «Алматы – Екатеринбург» және «Қызылорда – Павлодар» республикалық жолдарында 44 адам қаза тапқан. Облыстағы жол-көлік оқиғаларының 50%-ы немесе 554 апат бейнебақылау камерасы жоқ немесе бүлінген, сондай-ақ жол белгілері орнатылмаған елді мекендерде тіркеледі. Ал Теміртау, Жезқазған қалаларында бейнетіркеу жүйелері мүлдем жұмыс істемейді екен.А.СҰЛТАН