Мал иесін өлтіріп, құдыққа лақтырып кеткендер сотталды
Мал иесін өлтіріп, құдыққа лақтырып кеткендер сотталды
Фото: yandex.kz
427
оқылды

39 жастағы Серік Теңізбаев ең ұзақ мерзімге сотталса, қылмысты жасырған Жұматай Масабаев 5 жылға сотталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Оқиға кезінде қасында жүрген 22 жастағы Масабаевтың ұлы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар марқұмның отбасына 14 миллион теңге өтемақы да төлеуі тиіс. Алайда үшеуі де мұндай жазамен келіскен жоқ. Қылмыс Жылыой ауданында былтыр қыркүйекте болды. Малын іздеп шыққан малшы жеті күн бойы үйіне оралмаған. Туыстары шаруаны тау-тасты аралап, жанұшыра іздегенімен, тек тоғызыншы күні Құлсары қаласынан 70 шақырым жердегі құдықтан денесін тапты. Күдікке ілінген үш адам бірден қамауға алды. Олар бұған дейін де  жергілікті шаруаларға қоқан-лоққы көрсетіп, мал ұрлығымен айналысқандар болып шықты. Бес айға жуық тергеліп, сегіз айға жалғасқан сот процесіне бүгін соңғы нүкте қойылды. Үкім онлайн оқылды. Ең ауыр жаза – бұрын да кісі өлтіргені үшін сотталған 39 жастағы Серік Теңізбаевқа кесілді. Ол 15 жылға абақтыға аттанса, қылмысты жасырған әкесі мен баласы 5 және 4 жылдан арқалады.

Судья Зарема Хамидулина: «Шаруашылықтың айналасында жылқыларды қайырып алып кетуге кеткен кезде осы оқиға болған, Теңізбаев пен Нұртілеуовтің арасында. Сараптама қорытындысына сәйкес, сарапшының жауабына сәйкес, Нұртілеуовтің бет-әлпетінде болған жеңіл дәрежедегі жарақаттар, бұл өлімнің алдында болған. Яғни Теңізбаев екеуінің арасында төбелес болғаны жоққа шығарылмайды», – деді.