Жалған вакцинация паспортымен жүргендер іздестіріліп жатыр
Жалған вакцинация паспортымен жүргендер іздестіріліп жатыр
©А.Ахметқазы
215
оқылды

Павлодарлық полицейлер 200-ден астам жалған вакцинация паспортын тәркіледі.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 жылдың мамыр айында Павлодар қаласы емханаларының бірінде төрт медицина қызметкері вакцинация паспорттарын қолдан жасағанын анықтады. 200-ден астам жалған паспорт тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.
«Қазіргі уақытта Павлодар облысының Полиция департаменті COVID-19 вакцинациясының жалған паспорттарын сатып алған және одан әрі пайдаланған адамдар тобын анықтап жатыр. Аталған адамдарға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, ҚК 385-бабының 3-бөлімі бойынша жалған құжатты пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.