Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін айтып, құттықтады
Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін айтып, құттықтады
502
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін сүйіншіледі.

Бұл туралы Тоқаев Twitter желісінде жазды.
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!" – деп тіледі Президент.
https://twitter.com/TokayevKZ/status/1422574444678107139?s=20