Тиісті өзгеріс жүргізушілерді даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәлігін беру қағидаларына енгізілген.
«Автоматта» емтихан тапсырған жүргізушілерге қатысты талап өзгерді
132
оқылды

Қазақстанда практикалық емтиханды автоматты беріліс қорабы бар көлікпен тапсырғаны туралы мәлімет жүргізуші куәлігінің «Ерекше белгілер» бөліміне енді жазылмайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тиісті өзгеріс жүргізушілерді даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәлігін беру қағидаларына енгізілген.

Бұған дейін практикалық емтихан автоматты беріліс қорабы бар автомобильде тапсырылған жағдайда жүргізуші куәлігіне тиісті белгі қойылатын.

2026 жылғы мамырда енгізілген өзгерістен кейін емтихан тапсырылған көліктің трансмиссия түрі жүргізуші куәлігінің «Ерекше белгілер» бөліміне енгізілмейді.

Яғни жүргізуші куәлігінің өзінен азаматтың практикалық емтиханды механикалық немесе автоматты беріліс қорабы бар көлікпен тапсырғанын анықтау мүмкін болмайды.

Өзгеріс Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 12 мамырдағы №342 бұйрығымен енгізілген.