Елордада белгісіз біреулер қоқыс жинауға арналған 36 контейнерді өртеп жіберген
Елордада белгісіз біреулер қоқыс жинауға арналған 36 контейнерді өртеп жіберген
Фото: astana.gov.kz
321
оқылды
Елордада тұрмыстық қалдықтарды сақтауға арналған контейнерлерді қасақана өртеу жағдайлары бұған дейін де болған. Осы демалыс күндері Есіл ауданында осыған ұқсас жағдай болып, нәтижесінде 36 контейнер өртенді, – деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 30 шілдеде сағат түнгі 3-тен таңғы 5-ке дейінгі кезеңде Есіл ауданында келесі мекенжайлар бойынша контейнерлік алаңдар өртенді: - Мәңгілік ел, 23 - Ұлы дала 11/1 - Түркістан 2 - Қонаев 35. Барлығы 36 қоқыс жәшігі жанып кетті, оларды сақтап қалу мүмкін болмаған.  width= Бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларда өрттің қасақана жасалғаны көрінеді. Кінәлі адам табылды және жасаған іс-әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады. Жанып кеткен контейнерлерді "Clean City NC" ЖШС және "Қоршаған орта және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесі жаңасына ауыстырды.