Агенттіктің екі қызметкері сотталды
Агенттіктің екі қызметкері сотталды
193
оқылды

Түркістан облысында дәлелдемелерді бұрмала­ғаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігінің 2 қызметкері сотталды. Олар жарты миллион пара үшін жазықсыз адамды жазалап, айыптыны құт­қарған. Ведомство өз қатарын қолы мен ниеті арам адамдардан тазалап жатыр.

Осы шара аясында агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Түркістан облысы бойынша ау­мақтық департаменттің екі қыз­меткерінің дәлелдемелерді бұр­малағаны үшін пара алған дерегін анықтады. Садықов пен Шораев қызмет бабын пайдалана отырып, алко­голь өнімдерін рұқсат құжаттарсыз және жалған есепке алу-бақылау маркаларымен сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегін жасыруға көмек көрсеткен. Олар алдын ала мәмілелесу арқылы кінәсіз куәгерді әкімшілік жауап­кершілікке тарта отырып, нақты кінәліге қатысты қылмыстық істі заңсыз тоқтатқан. Қылмыстық істің деректерін бұрмалағаны үшін Садықов пен Шораев 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. Ол екеуі де сотталды. Қаржылық мониторинг агент­тігі – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылы­статуға) және терроризмді қар­жыландыруға қарсы іс-қимылға қарсы тұратын, сондай-ақ эко­номика­лық және қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бо­йынша басшылықты жүзеге асы­ратын құзыры үлкен мемлекеттік орган.

Е.СЕНБАЙ