Түрме қызметкерінен зорлық көрген әйелге Президент рақымшылық жасады
Түрме қызметкерінен зорлық көрген әйелге Президент рақымшылық жасады
Фото: nur.kz
221
оқылды

Президент жанындағы рақымшылық комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова Слекишина рақымшылыққа іліккенін растады.

Слекишина екі сыбайласымен бірге анасымен тұратын азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған. 2015 жылдың мамырында Алматы соты Наталья Слекишинаны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

2016 жылдың жазында Слекишина «түрме қызметкерлері зорлады» деп айыптады. Күдіктілер кінәсін мойындамады. Слекишина жазасын өтеп жатқан кезде қыз баланы дүниеге әкелді. ДНҚ анализі баланың әкесі кім екенін анықтады. Ол түрме қызметкері Руслан Хакимов болып шықты. Хакимов зорлау фактісі бойынша тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

2017 жылдың ақпанында Слекишина бес жылға бостандыққа шықты. Себебі, колонияда туған қызын тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты жазасы кейінге қалдырылды. Қыркүйек айында Слекишина Хакимовтан моральдық зиянды өтеу үшін 3 миллион теңге өтемақы алды.