Темір гаражды ұрлап кеткен қызылордалық ұсталды
Темір гаражды ұрлап кеткен қызылордалық ұсталды
Фото: znak.city
126
оқылды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.

Оның айтуынша, Шымкент – Самара тасжолының бойында орналасқан жер телімінде тұрған темір гаражын ұрлап кеткен.

Шығын көлемі 200 мың теңге болды. Ұрлықты ашу үшін полицейлер шұғыл әрекет етті. Куәгерлерден жауап алды.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталған соң, күдіктіні жауапқа тартады.