Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында жартылай финалда жеңіліп қалды
Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында жартылай финалда жеңіліп қалды
Фото: twitter.com
239
оқылды

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты.

Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Қамшыбек Қоңқабаев Ричард Торрестен жеңілді. Бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын. Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенді болғаны есепке алған болатын.

Бұған дейін боксшы Сәкен Бибосынов та жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз.