Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты
Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты
Фото: Оlympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен жұдырықтасты. Енді оның кем дегенде Олимпиаданың қола жүлдесін алуға мүмкіндігі бар.

Кездесудің бірінші раундында Сәкен Бибосынов қарсыласын нокдаунға түсірді. Бес төрешінің үшеуі жеңісті қазақстандық боксшыға берді. [caption id="attachment_154351" align="aligncenter" width="765"]бокс төреші Сәкен Бибосынов пен Габриэль Эскобардың кездесуіндегі төрешілердің шешімі[/caption]
Осылайша Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды. Енді ол жартылай финалда ұлыбританиялық Галал Яфайға қарсы кездесу өткізеді. Бұған дейін құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та Олимпиаданың жартылай финалына шыққан еді. Ол ширек финалда ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті. Енді жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасады. Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зулфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.