"Қымбатты туыстарым, сіздерге жағымсыз бір жаңалық бар. Жаңа ғана бір вирусологпен әңгімелескен едім. Ол вирустармен тікелей жұмыс істейді. Барлық суды улап жатқанын айтты. Бұл ақпаратты құпияда ұстайды екен. Бөтелкедегі су болсын, диспенсер болсын, қандай су болса да, қайнатпай ішпеңдер деді. Су арқылы бәрін улайды. Кішкентай балаларды, жастарды улап жатыр деді", – дейді жазба авторы.
Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
– Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда, – деп хабарлады ведомстводан.Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстанның қалаларында кеңінен тарады. Осыған ұқсас фейкті біз сәуір айында жоққа шығарған болатынбыз.