Атырауда монтерлер лифт шахтасына құлады, бір адам қайтыс болған.
Оқиға 4 тамызда Residence Ardage тұрғын үй кешенінде болған. Жөндеу жұмыстары кезінде лифтпен айналысатын 39 жастағы монтер қайтыс болған. Екінші жұмысшы ауыр жарақаттар алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
"1987 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Операцияға дайындалып жатыр. Отадан кейін жансақтау бөліміндегі дәрігерлердің бақылауында болады", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.
Атырау облысының Полиция департаменті өкілдері оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.