Түркістан облысының Сайрам ауданында мониторингтік топ таңғы жетіде басталған тойды тарқатты, - деп жазады Elitar.
Карантин талаптарын бұзушылар дронның көмегімен анықталды.
"Мониторингтік топ мүшелері сау ете түскенде, қонақтардың барлығы жан-жаққа тым-тырақай қаша жөнелген. Санитарлық дәрігер Сайрам ауданы тұрғындарын бұйрықты бұзбауға және той өткізбеуге шақырады, өйткені, бұл тұрғындардың табысын екі есе арттырады, үйлену тойына жұмсалатын шығыннан бөлек ұйымдастырушыларға айыппұл төлеуге тура келеді", - делінген хабарламада.