3 тамыз күні Алматыда 25 жастағы таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды. Полицейлер бұдан бұрын қарақшылық пен ұрлық үшін сотталған күдіктілерді жедел ұстады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Яндекс.таксидің жүргізушісі болып жұмыс істейтін 25 жастағы қызға шабуыл жасалған. Түнгі екі шамасында ол шақыртуды қабылдап, «Саяхат» ауданына жеткізу керек болған клиенттерді алып кетеді.
«Оның айтуынша, көлікке екі мас жігіт отырған. Көрсетілген жерге жеткеннен кейін олардың біреуі қыздың мойнына бұғалық салған. Таксист қыз есінен танып, жолаушылар отыратын артқы орындықтың астында оянады. Қыздың банк картасы мен телефонын алып, оны «Теректі» шағынауданында көліктен тастап жіберген. Кейін жүргізуші қыз полиция шақырып, күдіктілердің белгілерін айтып берген», - деді ПД-де.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар бұрын бірнеше рет сотталған 34 және 23 жастағы ер адамдар болып шықты.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Алматы қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.