Петропавлда 12 жастағы бала суға кетті
Петропавлда 12 жастағы бала суға кетті
Фото: shymkenttv.kz
190
оқылды
Петропавлда ата-анасының қарауынсыз өзенге шомылуға барған бала сөз жұмды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16.00 шамасында болған. Петропавлдағы 20-ықшамауданы маңынан ағатын Есіл өзеніне шомылуға барған 2009 жылы туған жасөспірім суға кетті. Бала өзенге үлкендердің қарауынсыз келген. Оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірімнің денесін жедел-құтқару отрядының мамандары судан алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. СҚО-да жыл басынан бері суда осымен 19-шы адам қаза тапты. Мерт болғандардың бесеуі – бала. Былтыр суға 9 адам кетсе, оның біреуі бала болатын.