Петропавлда педофилдер көбейді
Петропавлда педофилдер көбейді
180
оқылды

СҚО орталығында бір апта ішінде балиғатқа толмаған балаларға жыныстық зорлық көрсеткен деген күдікпен 3 адам ұсталды. 4 тамыз күні түнгі 22.00 шамасында криминалды полиция қызметкер­лері жас қыз балаға сексуал­дық сипаттағы зорлық-зом­былық әрекеттерін жасады деген күдікпен облыс орта­лығының тұрғынын ұстады.

Ер адам қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұған дейін осы апта ішінде Петропавл қаласында жас бала­лар­ға жасалған тағы екі қылмыс тіркелді. Екеуінде де күдіктілер ізі суымай ұсталды. Қазір істің бар­лық мән-жайын толық әрі жан-жақты, объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әре­кет­тері жүргізіліп жатыр. Нә­тижесі бойынша процессуалдық шешім қабыл­данады. Бұл қылмыстардың тергелуі СҚО Полиция департаментінің және облыс прокуратурасы басшы­лығының ерекше бақы­лауында. Әр іс бойынша процессуалдық прокурор бекітілді. Өзге ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексеру дерек­терiн жария етуге жол бермеу мақсатында айтылмады.

Ерік ЕРДЕНОВ