Қайырымдылық акциясына қатысты
Қайырымдылық акциясына қатысты
185
оқылды

Ақмола облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Аталған акцияға Ақмола облыстық «Nur Otan» партиясының аудандық филиалдары, депутаттар белсене қатысуда.

Науқан аясында жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге, көпбалалы және мұқтаж отбасы­ларға, сондай-ақ өмірде қиын жағ­дайға тап болған адамдарға қолдау білдіріп, көмек көрсетілді. Мәселен, Жақсы ауданындағы «Жақсы» бастауыш партия ұйы­мының мүшелері жалғыз тұратын зейнеткер В.Пасканнаяның ау­ласын жинауға көмектесті. Ал Целиноград ауданындағы ауылшаруашылық өндіріс кәсіп­орындары аудандық емханаға 10 жылжымалы тоңазытқыш сатып алуға демеушілік көрсетті. Автокө­лік тоңазытқыштары +2 °C , +8 °C -ден -20°C-ге дейінгі температураға дейін реттелетін режимде жұмыс істейді. Тоңазытқыштар Софиевка, Жаңаесіл, Қабанбай, Родина, Жалғызқұдық, Талапкер, Арайлы ауыл­дарының дәрігерлік амбула­торияларына жөнелтілді. Эпи­де­миологиялық жағдайды ескеретін болсақ, бұл  – пайдалы көмек. Бүгінде тоңазытқыштар вакцина тасымалдауға қолданылып жатыр. Степногор қаласындағы «Ка­захалтын Technology» серіктес­ті­гінің «Қазақалтын» ГМК алғашқы партиялық ұйымы қалада және Ақсу мен Бестөбе кенттерінде ба­лалар алаңдарын орнатты. Аталған тау-кен кәсіпорны көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсетіп тұрады. Ал коро­на­вирус инфекциясы таралған пандемия кезінде костюмдер, жеке қорғаныш құралдары мен тоно­метрлер сатып алуға көмектесті.

Әбілмансұр ЖАСАН