Қызылордада сотталушыға келген адам телефонды палау мен салаттың ішіне тығып әкелген
Қызылордада сотталушыға келген адам телефонды палау мен салаттың ішіне тығып әкелген
224
оқылды
Қызылордадағы тергеу изоляторына палауға жасырып телефон өткізбек болғандар ұсталды. 4 тамыз күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тағы да тыйым салынған затты тауып, тәркіледі, – деп жазады ҚазАқпарат. Мекеме қамауындағы сотталғанға келген азаматша IRBIS маркалы телефоны, қуаттағыш құрылғысын және SIM картаны полиэтилен пакетке орап, палау мен салаттың ішіне жасырып өткізбек болған.  width= Алайда, азаматшаның тағамдарға жасырған «тосынсыйын» бақылаушы қызметкерлер бірден аңғарып, тәркіледі. Қамаудағы сотталған адам «Ұрлық» бабымен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабына сәйкес іс құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

Фото: inform.kz