Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауады
Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауады
© Еgemen.kz
171
оқылды
Синоптиктер 7-9 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, солтүстікте және орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр және бұршақ жауады. Сондай-ақ, солтүстік аймақтарда желдің күшеюі және жылудың 20-25 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Батыста 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.