Атырау облысында бес бірдей полиция қызметкері жазаға тартылды
Атырау облысында бес бірдей полиция қызметкері жазаға тартылды
© azh.kz
309
оқылды
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Атырау облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Жылыой ауданының ішкі істер бөлімінің екі қызметкері құқық қорғау органынан шығарылды.
  • Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Жылыой АІІБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты               И. Керешов құқық қорғау органынан шығарылды;
  • Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Жылыой АІІБ жедел уәкілі полиция капитаны А. Алшынов құқық қорғау органынан шығарылды;
  • Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысына тиісті ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін Жылыой АІІБ криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары полиция подполковнигі                    Ж. Таумұрынов атқарып жүрген қызметінен босатылды;
  • Жылыой АІІБ бастығы полиция полковнигі Е. Досмағұлов қарамағындағылардың жұмысына тиісті ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды;
  • Жылыой АІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д. Бимуханов қарамағындағылардың жұмысын тиісті ведомстволық бақылау жасамағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.