Ақмола облысында Андронов дәуіріне жататын балта табылды
Ақмола облысында Андронов дәуіріне жататын балта табылды
452
оқылды
Ақмола облысында Андронов мәдениеті дәуіріне жатуы мүмкін деп болжанған балта табылды. Тарихи-мәдени орындарға бірнеше рет зерттеу экспедицияларын ұйымдастырған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері археологиялық табыстың аса маңызды жаңалық екенін айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақов мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жылғы археологиялық кезең тарихи мәнге ие зор табысқа толы болған.  width=
«2021 жыл біздің тарих-өлкетану музейінің қызметкерлері үшін ұзаққа дейін есінде қалмақ. Ақмола облысы әкімдігінің және мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұраларды зерттеу бойынша экспедициялар ұйымдастырылған. Ең сәтті болғаны «Красный Яр қонысындағы Ботай мәдениеті археологиялық зерттеулері» жобасы өзінің жақсы нәтижелерін берді», – дейді Қуаныш Шақшақов.
Облыстық музейдің тағы бір жобаларының бірі «Сарыарқа мәдени мұрасы: ежелгі және орта ғасырлық мәдениеттер сабақтастығы» деп аталған. Музейдің ғылыми-зерттеу жобасына ғалымдар және музей қызметкерлерімен қатар өлкетанушылар, археологиялық үйірме мүшелері мен мұғалімдері де қатысқан. Музей директорының айтуынша, олар зерттеу жұмыстарына баға жетпес көмек көрсеткен. Мәселен өлкетанушы Жарқайың ауданы Тассуат ауылының тарих пәнінің мұғалімі Дамир Гафаров музей қорына шамамен Андронов мәдениеті дәуіріне жататын әскери балтаны тапсырған.  width= Дамир Михатовичтің айтуынша, ол мұндай жәдігерді осыған дейін Ресейде Челябі облысындағы музейде көрген. Сондықтан бірден облыстық музейдің қызметкерлеріне байланысқа шығыпты. Бірегей балтаның салмағы шамамен 900 грамм. Өзінің көлеміне қарай орташа жіктемеге жатқызылады. Қорытылған металдың құрамындағы мыстың мөлшері өте мықты болуына үлес қосқан. Балта өңдеуге келмейтін болып шықты.
"Сонымен осы жылғы археологиялық маусым өзінің алғашқы жемістерін бере бастады. Бұл біздің өңірдің және тұтас Қазақстан үшін еліміздің тарихы мен археологиясындағы жаңа бір кезеңді ашуы да мүмкін", – деп толықтырды Қуаныш Шақшақов.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы