Токио Олимпиадасы: Қазақстандық балуанды аяқтан шалған төреші жазаланды
Токио Олимпиадасы: Қазақстандық балуанды аяқтан шалған төреші жазаланды
169
оқылды
Токио Олимпиадасының ширек финалында төрешілер қазақстандық балуан Әлішер Ерғалидің ақысын жеді. Қазақстанның Күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай осындай мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Vesti.kz.
"22 жастағы жас балуан Әлішер Ерғалиден Олимпиаданың 1/4 финалындағы жеңісін ұрлады. Бірінші төрешілер төрт балдық әдіске 2 ұпай берді, одан кейін түркиялықтың кілем сыртына шығып кеткені үшін Әлішерге тағы 1 балл бермеді. Екі кезеңде де Әлішер белсенді болып, шабуылдап отырды, ал қарсыласына сол күйі ескерту бермеді, бұл тағы бір ұпай. Сонда бәрі 4 балл. Енді төрешілер тарапынан осындай қайталанбау жолын ойластырамыз", - деп береді Ерлан Қожасбайдың сөзін федерацияның баспасөз қызметі.
Осы белдесу кезінде қазылық еткен төреші шеттелген екен. Ал өзгелеріне ескерту жасалған. Әлішер Олимпиаданың ширек финалында түркиялық Сулейман Караденизден 7-8 есебімен жеңіліп, Токиодағы жарыс жолын аяқтады.