Ақтөбеде 25 метрлік кран аударылды
Ақтөбеде 25 метрлік кран аударылды
234
оқылды
Ақтөбеде 25 метрлік қызғалдақ мүсіні құлады. Жұмысшылар металл құрылымды басқа жерге орнату үшін бөлшектемек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде биіктігі 25 метр қызғалдақ мүсінін бөлшектеу барысында құрылыс краны құлағаны туралы ақпарат жарияланып жатыр. Ақтөбе әкімдігі мәліметінше, учаскедегі жұмыстарды "Есентай Холдинг" ЖШС жүргізіп жатыр. Олар металл құрылымды бөлшектемек болған. Өйткені оны қалпына келтіру үшін бояу қажет. Сонымен қатар, қиылыста көлік көп жүретіндіктен қызғалдақ жүргізушілердің жолды көруіне қиындық тудыруы мүмкін. Қызғалдақ орнына қауіпсіз тутұғыр орнатылып, қызғалдақтың өзі Жаңақоныс тұрғын алабы маңына, қалаға кіреберіске орнатылуы керек еді. ЖШС басшысы Дулат Қанатұлының айтуынша, бөлшектеу кезінде кранды жеткілікті тәжірибелі жүргізуші басқарған. Бірақ соған қарамастан ол аударылып кеткен.