2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 802,9 млн. теңгеге жерлеу рәсіміне байланысты қызметтер көрсетілді. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 82,2% көп, деп хабарлады Informburo.kz.
2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында қызмет көлемі 2,5 млрд. теңгеге жеткен еді. Кісі өлімі бойынша ең жоғары көрсеткіш осыдан 9 жыл бұрын тіркелген:
2012 жылы көз жұмғандар саны – 37 мың;
2020 жылы – 31,2 мың;
2021 жылы – 36,1 мың.
Елде Covid-19-дан көз жұмғандар саны өсіп келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше:
2021 жылдың 3 тамызына дейін коронавирустан 6 277 адам;
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 2021 жылдың 2 тамызына дейін пневмониядан 3 781 адам көз жұмды.
Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстанда 4 тамызға дейін коронавирустан 9 077 адам қайтыс болған. Антирейтинг тізімінде Қазақстан 195 елдің ішінде 50-орында тұр.
Covid-19-дан ең көп өлім келесі мемлекеттерде тіркелді:
АҚШ – 614,3 мың адам;
Бразилия – 558,4 мың адам;
Үндістан – 425,8 мың адам.
Аталған антирейтингте Ресей 6-орында – 159 мың адам көз жұмған;