Дәрігер тез ұйықтап қалу үшін не істеу керектігін айтты
Дәрігер тез ұйықтап қалу үшін не істеу керектігін айтты
227
оқылды
Британ денсаулық сақтау қызметінің дәрігері Каран Радж тез ұйықтап, сергек ояну үшін не істеу керектігін айтты. Оның пікірінше, "10-3-2-1" формуласын қолдану қажет, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл әдіс ұйқыға дейін 10 сағат бұрын кофеин қосылған сусындардан бас тартуды қарастырады. Бұл затты ағзадан шығару үшін осынша уақыт қажет. Сондай-ақ ұйқыға жатар уақытқа үш сағат қалғанда тоя тамақтанудан бас тарту керек.
"Бұл қыжылды (изжога) болдырмауға және түнде оянып кетпеуге көмектеседі", — деді Радж.
Сонымен қатар дәрігер "тез ұйықтауға" кедергі келтіретіндіктен алкоголь ішпеуге кеңес берді. Ұйықтар алдында екі сағат бұрын жұмысты тоқтатыңыз. Бұл бойды еркін ұстауға мүмкіндік береді", — деп толықтырды маман. Ұйықтардан бір сағат бұрын телефонды қою керек.