Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасын 8 қоламен аяқтады
Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасын 8 қоламен аяқтады
Фото: sports.kz
Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады. Ел құрамасы қоржынында барлығы сегіз қола медаль бар. Дүбірлі додаға Қазақстан атынан 97 спортшы спорттың 28 түрінен бақ сынады. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті айтулы аламанға баратын тізімді нақтылау мақсатында іріктеу және рейтинг жарыстары аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына сегіз медаль түсті - бәрі де қола. Соңғы медальды каратэші Софья Берульцева салды. Берульцеваға дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер - Игорь Сон мен Зулфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар - Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан - Нұрислам Санаев пен каратэші - Дархан Асаділов те қола жүлде еншілеген. [caption id="attachment_155062" align="alignnone" width="740"] width= Фото: tengrinews.kz[/caption]