Алматы тауларында ер адам жүрек талмасынан қайтыс болды
Алматы тауларында ер адам жүрек талмасынан қайтыс болды
190
оқылды

Құтқарушылар мәліметінше, 61 жастағы турист Медеу ауданындағы тауларда инфаркт алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, ер адамға көмек қажет деген шақыру кезекші пультіне таңғы сағат 11.15-те түскен.
"Құтқарушылар дереу науқасты жедел медициналық көмекке жеткізу үшін шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, 1960 жылғы туристте жүрек талмасы болған. Теңіз деңгейінен 1740 метр биіктікке жаяу көтерілу қиын болғанына қарамастан, сағат 12.30-да құтқарушылар оқиға орнында болды. Өкінішке қарай, топ келген кезде ер адамның тыныс алу белгілері байқалмаған. 15.52-де құтқарушылар мәйітті түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Басқа да жағдайлар анықталып жатыр", — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, сол күні олар Алмарасан шатқалында адасқан туристерді құтқарған.
"Сағат 18.35-те ТЖД пультіне Бостандық ауданында 16-21 жас аралығындағы төрт қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқарушылар жіберілді, "Волчья тропа" геолокациясы анықталды. Жол бойында жоғалған қыздармен байланыс сақталды. Сағат 19.50-де құтқарушылар оларды тапты. Туристерге медициналық көмек қажет емес еді. Құтқарушылар оларға бекетке түсуге көмектесті", — деді құтқару қызметі өкілі.